Қазақ тілі — кеңсе тілі бола ма?!

26 мамырда «Ақ жол» партиясы ұйымдастырған «Мемлекеттік тілді меңгерудің Ұлттық стандарттары» жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты, мемлекет және қоғам қайраткер, Қазыбек Иса мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша пікірін білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info

Қазір дүниежүзі елдері жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Біз де әлемдік өркениеттің заманауи жетістіктерін өзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Дегенмен, жаһандану дәуірінде де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп, бағалай алуымыз қажет-ақ. Әсіресе, солардың барлығының ең маңыздысы болып саналатын әрі егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретінде қазақстандық қоғамды бір мақсатқа ұйытуға тиісті қазақ тілінің мәртебесін көтеру – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.

«Тіл – рухани барлық құндылықтың негізі болғандықтан, әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуынан тысқары қала алмайды. Белгілі бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін қазіргі жаһандану заманында сақтай отырып, оны одан әрі өркендетуге, қоғамдық қызметін сан сала бойынша кеңейтуге, сонымен қатар осы мақсаттағы іс-шараларының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне, демек мемлекеттік тілдік саясат пен бағдарламаларға тікелей байланысты.
Мәселен, Түркиямен салыстармалы форматта қарастырсақ, Кемаль Ататүрк кезеңінде түрік тілінің стандарттауын өзі қолға алған, бұл өте зор көрсеткіш, сол сияқты бізде тіл дамыту факторларын ең басты мақсат ретінде қарастыруымыз керек!», — деді Қазыбек Иса.

Мемлекеттік тілдің меңгеру деңгейін дамыту және ұлттық стандартқа еңгізу бойынша жобасын сарапшы Мұхаметова Айнұр қысқаша айтып кетті.

“Қазақ тілінің даму құзыреттеліктері стандарт 5 деңгейі бойынша орташа қалыпта. (Яғни, орта деңгей, базалық, қалыпты қарапайым түрде)
Бұл стандарттар нені меңзейді? Статистикаға сүйенетін болсақ, елімізде қазақ тілін меңгеру және дамыту бойынша 111 орталықтар бар. Қазақ тілін үйрену курсын өткендер адамдар саны-700 мыңнан асады, оның ішінде мемлекеттік органдар 173мың, ұлттық оқыту компаниялары 34874 адам. Халық арасында талдау-әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында мемлекеттік тілде сөйлейтін халық саны жалпы 95% құрайды, жақсы білетіндер 55%, еркін сөйлейтін 22,5% құраса, жетік меңгергендер 3,7% құрайды екен, — деді сарапшы.

Тіл – ұлт болмысының көрінісі, ұлттық ой-сананың өлшемі. Сондықтан да ұлттық тіл мен ділдің бір-бірімен байланысы – өте күрделі. Бұл байланыстың қыр-сырын танып-білу, дұрыс түсіну, зерттеп-зерделеу қажырлы еңбек пен терең ізденісті қажет етеді.
Ал қазақ тіліндегі қоғамдық ортаны қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар – білім беру, мәдениет БАҚ жүйесі мен мемлекеттік тілде іс-қағаздарының жүргізілуін қадағалайтын әрбір мекемедегі тіл дамыту бөлімдері мен департаменттері, т.б. институттар мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттің еңшісінде.