Қазақстанның Ресейдегі елшісі Алматыдағы көшелердің атауларын өзгертуге түсініктеме берді

Соңғы кездері ресейлік БАҚ-та Қазақстанның оңтүстік астанасындағы Гагарин даңғылының атауын өзгерту туралы ақпарат жариялануда. Қазақстанның РФ-дағы елшісі Дәурен Абаев жағдайға түсінік берді.

«1961 жылы Жердің алғашқы ғарышкерінің есімі берілген сәттен бастап даңғыл Төле би көшесінен басталып, Жандосов көшесінде үзіліп, тек екі кварталдан кейін немесе 560 метрден кейін ғана жалғасты. Бұл ретте осы бөлікте жаяу жүргіншілер немесе басқа жолдар жоқ.

Тұрғындар, қонақтар мен туристер үшін навигацияны жеңілдету мақсатында билік Гагарин даңғылының аталған учаскесін (Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін) қазақтың көрнекті әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың құрметіне атау туралы шешім қабылдады «, — деді елші.

Дәурен Абаев сондай-ақ Гагарин даңғылының тарихи, бульварлық бөлігі өз атауын сақтайтынын атап өтті.