ҰҚК ШЫҰ саммиті кезінде бірнеше қалада террорлық қауіптің «сары деңгейін» енгізді, деп хабарлайды Ozgeris.Info
ҰҚК Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларында террорлық қауіптің «сары деңгейін» енгізді. Бұл шара 2-5 шілдеде аралығында болады.
Саммитке байланысты кейбір аумақтарда көлік пен адамдардың жүруіне шектеу қойылады. Көшелерде, алаңдарда, стадиондарда, скверлерде, саябақтарда, магистральді теміржол желілерінде, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, әуежайларда, метрода, бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарда күзетті күшейтеді.
«Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысына түсінікпен қаралауларыңызды және олардың қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз» деп мәлімдеді ҰҚК.
ПІКІР ЖАЗУ