Қазақстандық 100 ғалым жаңалық ашпай ма? Сол жаңалықтарын сатып 320 млн теңге тауыпты. Соңғы екі жылда (2020-2021).
Ал 2021-2023 жылдары ғылымды дамытуға 45 млрд теңге бөлінген.
БҒМ-ның жаңалығын нарыққа салайын деп гуглдан сурет іздеп «ғалым қазақстан» деп жазсам, кілең бір ортағасырлық ойшылдардың суреті шығып кетті.
Сосын қызық көріп «ученый Россия» дегеніме гугл кейінгі ренесанс дәуірінің суреттеріне ұқсас суреттер шығарып берді. Менделеевті таныдым, бірақ басқалары да ғылыммен айналысқан кәдімгі, байқалады. Бірақ қазіргі заман ғалымы көрінбейді.
«USA scientist» дегенім өз алдына бөлек қызық. Равномерно қара, ақ, азиаттардың қазіргі заман зертханаларындағы суреттері қаптаған. Көрініп тұр, ғылым дамып жатқан ел. Бірақ статистика бойынша, АҚШ-тағы еуропоидтардың 68,5%-ы, азиаттардың 10%-ы , қаралардың 7%-ы ғалым екен.
Бауыржан МҰҚАНОВ
ПІКІР ЖАЗУ