5 маусым күні Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. 1-том. Жалпы бөлім» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітап авторы – Maqsut Narikbayev University (КАЗГЮУ) Associate Professor, PhD Муслим Хасенов, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Оқулықта оқырманның ыңғайы үшін диаграммалар мен кестелер қолданылған. Оқу құралының бөлімдерінде сот тәжірибесінің мысалдары келтіріліп, 30-дан астам сот шешімдерінің үлгілері мен істері бар. Сондай-ақ біліміңізді тексеруге көмектесетін тірек сөздер мен сұрақтар қамталған. Әрбір тақырып ғылыми зерттеулерге шолумен қоса беріледі. Оқу құралының 1-томы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 41 бөлімнен тұрады, онда еңбек құқығының жалпы бөлімінің негізгі аспектілері қарастырылған.
ПІКІР ЖАЗУ