Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмыс қорытындылары, сондай-ақ ведомствоның одан арғы қызметіне қатысты перспективалық тәсілдер туралы есеп берді; ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін және этносаралық қатынастар, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданатын шаралар туралы хабардар етті; ведомствоның жетекшілік ететін салаларды дамытуға қатысты жоспарларын жариялады.
— деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан президенті Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына мәдени және тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде танымал ету жөнінде бірқатар міндеттер қойғаны, сондай-ақ Аида Балаеваға институционалдық қолдау және креативті индустрияларды жедел дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырғаны көрсетіледі.