Қазақстан азаматтары Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады: Арнайы құжат әзірленді

Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеу үшін арнайы құжатты әзірлегенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Министрдің айтуынша, бүгінде құжатты оңтүстіккореялық тарап қарастырып жатыр.

«Министрлік жобаны әзірледі. Осылайша, ол мемлекеттік органдармен келісіліп, Сыртқы істер министрлігі арқылы оңтүстіккореялық тарапқа келісу үшін жіберілді. Қазір меморандум Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жобаны Оңтүстік Корея тарапы мақұлданғаннан кейін оны одан әрі ілгерілетіп, жалғастырамыз», – деді Светлана Жақыпова.