Танымал блогер, кәсіпкер Елдос Кәдірханов пен жұбайы Таңшолпан Шотаева үйленген күндерін атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Блогердің айтуынша, отбасы болғандарына сегіз жыл толған.
“Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша «Бүгін бізге 80 жыл болыпты» деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге. Жарқын болашаққа кеттік”, – деп жазды желі жұлдызы.
Сондай-ақ ол қиын сәтте жанынан табылған жарына ел алдында алғыс білдірді.
“Сөз салғанымда «жоқ» деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен. Қатты жылағанда жұбатты. 10 шақты ауыр ота нәтижесіз аяқталғанда жанымда болды. Ақша жоқ кезде тастап кетпеді. Жеңісті де, жемісті күндерде қасымда қалды”, – деп жан сырын ақтарды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ