«Талибан» үкіметі елдегі әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талибанның ізгі істер министрі Халид Ханафидің мәлімдемесіне сәйкес, қыз-келіншектер басқа әйел қауымының алдында Құранды дауыстап оқымауы тиіс.
Айта кетейік, 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі бері қыз-келіншектерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға тыйым салынды. Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға да болмайды. Қыз-келіншектерге арналған баспаналар жабылып, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы» заңның күші жойылды. «Исламға қайшы мінез-құлық» көрсеткені үшін жазаланып, тіпті түрмеге қамалатын болды.
ПІКІР ЖАЗУ