Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Ерсейіт Бралин 94 тонналық вагонды сүйреп, Батыс Қазақстан бойынша рекорд орнатты. Алдағы уақытта ол Қазақстанды бағындырмақшы, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Ерсейіт Бралин бұған дейін пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Азияның қола жүлдегері, сонымен қатар Батыс Қазақстанда өткен «Толағай алыптары» жарысының чемпионы атанған. Қазіргі таңда пауэрлифтинг және грепплингтен спорт шебері.
«Мен ауыр салмақ көтерумен бұрыннан айналысып келемін. Алдағы уақытта шәкірт тәрбиелеп, осы салада чемпиондар шығарғым келеді. Қазір Атырау қаласындағы «Санаторий» фитнес орталығында жаттығып, жарыстарға қатысып жүрмін. Жаттықтырушым Александр Литвиновке алғысым шексіз», – дейді Е.Бралин.
ПІКІР ЖАЗУ