«Ата-енесін рэппен оятады»: Әнші Yenlik ұзатылды

Жастар арасында Yenlik лақап атымен танымал Еңлік Құрарбек тұрмысқа шықты.

Әншінің ұзатылып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Еңлікті әнші Роза Әлқожа ұзатты.

“Еңлік сіңлім үш ай бұрын “мені өзіңіз ұзатасыз” деген еді Ақсуатта танысқанда. Алла сол күнге де жеткізді. Осы той үшін Қарағандыдан ұшып келдік”, – деп жазды Роза Әлқожа.

Отандық жас режиссер Қуаныш Бейсеков те тойдың құрметті қонағы болған.

Еңліктің таңдауы Таңатар есімді фотограф-оператор жігітке түскен.

Желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, жылы лебізін арнады.

“Қазақтың қарапайым қызы. Бағы ашылсын”, “Барған жеріңізге тастай батып, судай сіңіңіз”, “Бақытты болсын”, “Қазақ рэпінің анасы”, “Ата-енесін рэппен оятады», – деп пікір қалдырды желідегілер.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…