Астанада медицина қызметкерлері бұрынғы басшысын сотқа берді

euro-sudexpert.ru

Астанада медицина қызметкерлері бұрынғы басшысын сотқа берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлерi хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұрайды. Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков «еңбек ақымызды жеп қойды» деп шағымданды. Оның кейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіпқалған.

«Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмысберуші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Адалақымызды күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордың көмегіне жүгініп отырмыз»,- дейді медбике Салия Жүсіпова.

Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысын айлап көрмеген. Сома қомақты – кейбірінің ала алмай жүрген ақшасы 1 миллионға жуық.

«Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындай жағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойынша шешуге тырысуға кеңес беремін».- дейді, «Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.

Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС үстінен арыз жазды. Бұлісте «Әділдік және өркендеу» қоры оларға тегін заңгерлік қолдау көрсететін болады.

Ақпарат adildik.org.kz сайтынан алынған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре