Астанада киллинг қызметін (үй жинау) шақырған адам қымбат сағатын ұрлатып алды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, сағатын ұрлатқан адам 40 жастағы әйелмен сөйлесіп, үйді жинап беруді сұраған. Полицияға келгенде ол қымбат сағатын ұрлатқанын айтқан.
Менің сағатым 9 млн теңге тұрады. Hublot деген брендтік сағат еді. Соны үй жинаған адам ұрлауы мүмкін, – деді полицияға арызбен келген кісі.
Оның айтуынша, екеуі жарнама сайтында танысқан. Үй иесі сағатының жоғалғанын бірден байқамаған. Ол затының қолды болғанын кейін білген. Сөйтіп, дереу полицияға хабарласқан. Осыдан кейін Алматы аудандық ПБ қызметкерлері үйді жинаған әйелді тапқан. Күдікті қылмысын бірден мойындаған. Ол сағат жоғалған үйде небәрі екі күн жұмыс істеп жүріп, шкафтан зергерлік қорап тауып алған. Қораптағы сағатты алып, ізін суытқан.
Әйел жарнама сайты арқылы қымбат сағатты 1 миллион теңгеге сатқанын мойындады. Қазір полицейлер ұрланған сағатты кімнің сатып алғанын анықтап жатыр. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Halyq Uni
ПІКІР ЖАЗУ