Асхат Аймағамбетовке қарсы 8 мың адам петицияға қол қойғаны рас па?

Әлеуметтік желілерде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарсы 8 мың адам петицияға қол қойғаны жайлы ақпараттар тарап кетті деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бұл ақпаратқа халық әр түрлі пікір қалдыруда. «Жұмысын дұрыс атқарып жүрген жалғыз министр. Орнында қалсын!», «Әліппені қайтарған министр. Бұл әділдік емес! Қалсын орнында!», «8 мың адам қайдан шықты? Халықтың пікіріне құлақ асатын министр кімнің көзіне сүйел болды екен?», «Министр кетпесін» деген сияқты министрді қолдайтын пікірлер көптеп жазылуда.

Әзірге бұл ақпаратқа байланысты министрлік те, басқа да органдар жауап бермеді.

 

 «ozgeris.info».