Асфальт төсеп, сосын қазып алу-біздің елдің таңдауы ма?

Бейнеден кадр

Қазақстанда жол құрылысы мен коммуналдық жүйелерді жоспарлауда жүйесіздік байқалады, деп хабарлайды ozgeris.info.

ОБОЖАЮ youtube арнасының мәліметінше, көп жағдайда жолды салып болғаннан кейін ғана коммуналдық желілерді тарту жұмыстары қолға алынады, бұл тек шығынды көбейтіп қана қоймай, сапасыз жолдарға әкеліп соғады. Дәл осы мәселе туралы біз 12 жылдан астам тәжірибесі бар жол активисі Азамат Мұсыловпен сөйлестік. Ол жол салумен қатар, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде жол қауіпсіздігіне қатысты да мәселелерге назар аударады.

Азаматтың айтуынша, жолдарды дұрыс жоспарламаудың бір себебі — жемқорлық.

«Әкімшілікте ешкім жұмыс кешенді орындалуын талап етпейді. Олардың мүддесі — қосымша қаржы алу»,-дейді Азамат.

Кейбір мердігерлер осы жағдайға қарсы шығып, асфальт төсеуден бас тартқан жағдайлар да болған.

Активист Қазақстандағы инфрақұрылым мәселелері басқа елдермен салыстырғанда реттелмегенін айтады. «Көршілес елдерде алдымен желілерді салып, сосын ғана жол төсейді, ал бізде керісінше.»