«Қарызсыз қоғам» – халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жоба халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық біліктілігін арттыруға бағытталған.
«Қарызсыз қоғам» курсы не туралы?
Әлеуметтік жоба азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қаржылық сауаттылық және жеке консультациялар бойынша сабақтар кешені.
Әлеуметтік жоба алғаш рет 2023 жылы бірінші легін жіберіп, еліміздің 8 өңірін қамтыды.
Жобаға қалай қатысуға болады? Оның 2 түрлі жолы бар:
- «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабаласу қажет.
- kz ресми сайты арқылы.
«Қарызсыз қоғам» ресми сайты арқылы жобаға қалай тіркелуге болады?
- kz сайтына кіріңіз.
- Бас бетте «қатысу» батырмасын басыңыз.
- «Оқуға тіркелу» атты сауалнаманы толтырыңыз.
- Өзіңіз жайлы ақпаратты толтырыңыз.
- «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
- «Өтініш үшін рахмет» атты терезе шығады, жабу батырмасын басыңыз.
- Сіз «Қарызсыз қоғам» жобасына сәтті жазылдыңыз.
Айта кетейік, жоба аясындағы сабақтар тек офлайн форматта өтеді, ұзақтығы 5 күн. Сабаққа қатысу құны тегін, 18 жастан бастап барлық азаматтар қатыса алады. «Қарсызсыз қоғам» жобасы несие бойынша берешегі бар, барышкерлер тізімінде тұрған, несиесін уақытында төлемеген азаматтарды қолдауға бағытталған.
ПІКІР ЖАЗУ