Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты бейнетіркеу камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 тамыз күні Алға ауданының Бестамақ ауылы манындағы Ақтөбе – Астрахань автожолында Shacman жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралдарын басып озу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Nissan және Mersedes автокөліктерімен соқтығысқан.

Салдарынан жүк көлігі мен Nissan жеңіл автокөлігінің жүргізушілері түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.