Праваны айтсайшы, праваны!»: бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі желіде жазба жариялады

Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде бостандыққа шыққаннан кейін  алғаш рет жазба жариялады. 

«Ер жігіттің жарамас жылағаны,
Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.
«Орнында бар оңалар», бәрін қойшы
Праваны айтсайшы, праваны!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір жазған.

«Праваны қойшы, ата-ананың ауырған жүрегі мен абыройды айт. Балалар ес білгенде», «Ондай анда-санда боп тұрады, Төрешті бәрібір кешіргің кеп тұрады», «Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ең бастысы аман бол. Кәусардай алтының бар. Тоғжандай асылың бар. Толқындай жақұтың бар. Тілеулес қазағың бар», «Ақ Төреш, бауырым, амансың ба? Хэйтірлерге онсызда жамансың да. Қандай жағдай болмасын уайымдама, Әрқашан қолдар қазақ бар қасыңда» деп жазды олар.

Желіде жақында бостандыққа шыққан танымал әнші Төреғали Төреәлінің тойға шықан сәтінен видео тараған болатын.