Мемлекеттік тілде хабар таратпағаны үшін Қырғызстанның Мәдениет министрлігі екі телеарнаға айыппұл салды

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі қырғыз тілінде хабар тарату нормасын сақтамағаны үшін екі телеарнаға айыппұл салды.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік жарты жыл ішінде 7 телеарнаны, яғни «312 Музыка», «НТС» (Жаша), «Кью спорт» (Q-Sport Arena), «Бакайнур-Мега» (Next TV), «Тумар ТВ», «312 КИНО» және «312 ТВ» арналарын тексерген.

«312 KINO» және «312 ТВ» телеарналары Қырғыз Республикасының «Телевизия және радио хабарларын тарату туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағын сақтамаған. Онда хабардың кемінде 50%-ы, оның ішінде сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін мемлекеттік тілде болуы керек делінген.

Бұл телеарналардың әрқайсысына 23 мың сомнан (116,7 мың теңге) айыппұл салынды.