Алматы облысында жастар арасында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

Оқиға Бәйдібек би ауылында орын алған.

«Жасөспірімның мылтық оғынан жарақат алып, қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.