Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Нұрғазин Қуаныш ұсталды

Алматы әуежайында елге өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Нұрғазин Қуаныш ұсталды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ол Әблязов басқаратын «BSC» ЖШС-ның директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған.

Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған.

12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған.

Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді. 2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.