Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

«Міндеттері — Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», — делінген жаңа редакцияда.

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.