«Ол баланы бірде-бір рет ұрған жоқ»: Бейбіт Шүменовтің әйелі АҚШ елшілігіне шағымданды

Басы даудан арылмай қойған Бейбіт Шүменовтің әйелі Кэри Қазақстанның мемлекеттік органдарын «әрекет жасамады» және «деректерді елемеді» деп Астанадағы АҚШ елшілігіне шағымданды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Кэри оқиға күні «жанжалды ушықтырмас үшін, бала көтерген ер адамнан кетуін өтінгенін» айтты.

«Мен кетуін сұрап, бірнеше рет айғайладым… Бейбіт ол кісі ұстаған баланы бірде-бір рет ұрған жоқ», — деп жалғастырды ол.

Оның сөзінше, «АҚШ-тағы ресми өкілдерден көмек сұрауға мәжбүр» болған.

Бұл ретте Кэри оқиға болған күні бөлімшедегі полиция қызметкерлері оған сыпайылық танытып, кәсіби түрде әрекет еткенін атап өтті. Бірақ содан кейін «органдар тарапынан немқұрайлық» пайда болғанын айтқан.

Кэри ойын алаңында баласын басқа бала ұрып, жанжалдың екінші қатысушысы Шүменовке пышақ ала ұмтылды, кейінірек сынған бөтелкемен шабуыл жасады деп санайды. Әйел төбелес кезінде жарақат алғанын, ал күйеуі өзін қорғағанын айтады.