Ұрпаққа тағлым

Ас пен тойын жаз айларына белгілеп, төрткүл әлемнен өкіл келгенін қалайтын қазақ жұртымыз ғой. Осындай бір дүбірлі Ас ты Абай облысы, Абай ауданы Саржал ауылында өткен Жылқыайдар Мотышышұлы — Доғал бидің туылғанына 250 жыл толуына қатысты ұрпақтары ұйымдастырып өткізді.

Доғал би — Абай еліндегі тарихи тұлға. Құнанбай сұлтан аға тұтып ардақтаған ақылшы, кеңесшісі санаған , қазасына аза тұтып, мазарын көтерген.
(Сол күмбез күні бүгінге дейін тұр).
Саржал ауылында тұратын Бабаның алтыншы, жетінші ұрпақтары өскелең ұрпағының жадында баба рухын жаңғырту мақсатымен ескерткіш қойды, естелік кітап шығарды.

Ескерткіш авторы республикаға танымал мүсінші, Доғал би ұрпағы — Нұрбол Қалиев.

Мектепке заманауи спорттық жабдықтармен жаттығу залы тарту етілді.

» Дуалы ауыз Доғал би» кітабында бабаның еліне сіңірген еңбегі, өнеге өсиеттері қамтылып, тарихи естеліктер жарияланды, қазақтың танымал ақындарының арнау жырларына да орын берілді.
Доғал бидің он бір ұлынан тараған ұрпақтың шежіресі де жарық көріпті.
Аламан бәйгесі, балуан күресі бар ас та сән -салтанатымен жарқырап, ың — шыңсыз өтті.
Ас өтіп той тарқағанмен ұрпақ жадында өнеге, тағлымы қалды.

Күлзия Аукашова,
ҚР Білім беру ісі үздігі