Ердоған өз дегеніне жетті

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуына ақыры келісті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Бұған дейін Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болды.

Өз кезегінде Швеция билігі Түркияда террористік деп танылған ұйымдарға қолдау көрсетуді тоқтатады.

Сондай-ақ Түркияның Еуропалық Одаққа кіруіне қолдау көрсететін болады.