Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай қазақстандықтарды құттықтады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, — деп хабарлайды Ozgeris.info  тілшісі,tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», — деп жазды Мемлекет басшысы