«Дүйсенбілік спорт» жобасы жалғасын тапты

Алматыда ADD үстел теннисі орталығында NEET санатындағы және базар жастарының қатысуымен үстел теннисінен чемпионат өтті. Оған «Жетісу», «Алтын орда», «Қырғауылды», «Байсат», «Жібек жолы», «Саудакент», «Арыстан», «Барыс» және тағы басқа сауда орталықтарының жастары қатысты. Үш теннисшіден құралған командалар арасындағы жарыс алдын ала бекітілген ереже бойынша өтті. Команданың үш ойыншысы бір бірімен ойнады. Команда мүшелерінің санына сай әртүрлі есептер (3:0, 2:1) тіркеліп отырды. Егер команда мүшесінің бірі жарысқа қатыспаса, оның есебі техникалық жеңіліске пара-пар саналды.

Жоба жетекшісі Саламат Сағындықовтың айтуынша чемпионат «Дүйсенбілік спорт» жобасының аясында өтіп жатыр. «Үстел теннисі чемпионатын Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдацымен «Social project management» ооталығы ұйымдастырып отыр. Жоба аясында жарысқа кемінде бес базардың жастары қатысуы керек. Бүгін өтіп жатқан чеипионатқа көріп отырғандарыңыздай сегіз базардың жастары қатысып жатыр. Жоба бойынша спорттың бес түрінен: футболдан, үстел теннисінен, киберспорттан, баскетболдан, воллейболдан чемпионат өткізуге тиіспіз. Футболдан өткен айда жарыс өткізіп, жеңімпаздар анықталған болатын. Бүгін үстел теннисі мәресіне жетеді. Алдағы уақытта киберспорт, баскетбол, воллейбол чемпионаттары өз қатысушыларын күтеді» дейді ол.

Чемпионатқа үстел теннисінен Алматы қаласының аға бапкері Алексей Тимченко мен төреші Александр Перевалов төрелік жасады.

 Setanta Qazaqstar, Qazsport телеарналарының журналисі Руслан Бақытжан чемпионатқа комментарлық қызмет көрсетті.  Чемпионат жеңімпаздарын үстел теннисі, футбол спорт шебері, толыстағы полковник Арман Қоңыров, журналист Мейрамбек Таубалды марапаттады.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды «Байсат» сауда орталығынан келген команда иеленіп, кубок пен 150 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. Екінші орын алған «Арыстан» базарының командасы екінші орын алып, 100 мың теңгенің жүлдесін еншіледі. Үшін орын – 100 мың теңге «Жетісу-2» командасына бұйырды.