Тарихи арна туралы толғаныс

    Қазақ телевизиясымен алғашқы таныстығым 2012 жылы басталды. Ес біле бастаған сәттегі көрген бірінші бағдарламам – «Таңшолпан» таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасы. Сол кездері тікелей эфир жүргізген Майя Веронская, Берік Көшербекұлы, Әйгерім Есенәлі секілді журналистер телевизияға деген қызығушылығымды оятты.

     Мен «Таңшолпанмен» қатар, «Қазақстан дауысы», «Түнгі студия», «Жайдарман», «Айтуға оңай» бағдарламаларын көріп өстім.  Барлығы менімен замандас — 2010-2014 жылдар арасында шыққан бағдарламалар.

    Қазақ телевизиясының іргетасын Камал Смаилов, Совет Мазғұтов, Сағат Әшімбаев сынды журналистер қалады. Камал Смаилов басқарған кездегі «Қымызхана», «Алтыбақан», Сағат Әшімбаевтың «Парыз бен қарыз», Нұртілеу Иманғалиұлының «Көкпар» бағдарламалары -нағыз ұлттық түпгұсқа телетуындылар.

     1992-1994 жылдары Шерхан Мұртаза төрағалы төрағалығымен  «Таңшолпан» бағдарламасының тұсауы кесілді. Бағдарламаның алғашқы айдарлары «Зейнеп апайды тыңдасақ…» және «Заң мен заман» жобасы болды.

     2010-2012 жылдары танымдық, жарнамалық, спорттық және шоу бағдарламалар  эфирге шыға бастады. Атап айтар болсам, «Айгөлек», «Толағай», «Екі жұлдыз», 2013 жылы тікелей эфирде жүргізілетін «Әйел бақыты» және 2015 жылы «Бізбен бірге» бағдарламалары көрерменге жол тартты.  Әртүрлі жастағы көрермендер үшін телехикаялар түсіріле бастады.

      Бастауын 2000 жылдардан алған бағдарламалардың ішінде бірнешеуі бүгінгі күнге дейін аудиториясын жоғалтпай, тұрақты түрде эфирге шығып келеді. 20 жылға жуық тарихы бар «Жайдарман» ұлттық арнада 2019 жылға дейін көрсетілді. «Түнгі студия» бағдарламасы 2014-2018 жылдар аралығында ұлттық арна эфирінде өз аудиториясын тапты.

   Маусымнан-маусымға жалғасып келе жатқан «Екі жұлдыз» бағдарламасының атауы «Егіз-лебіз» деп өзгеріп, жыл сайын тікелей эфирде көрсетіледі. «Қазақстан даусы» жобасы екіге бөлініп, бүгінде балалар да өз бақтарын сынай алатын болды.

   «Қазақстан» телеарнасының жаңа маусымы жаңа тарихи телесериалдармен толықты. «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян қазақ!», «Мағжан. Мен жастарға сенемін…», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін», «Домалақ ана», «Қаныш. Қазына» туындылары көзі ашық, көкірегі ояу  көрермендердің көңілінен шықты.

    «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қанатының астында «Балапан», «Қазспорт», «Абай тв» арналары бар. «Қазақстан» ұлттық арнасы — еліміздегі тұңғыш телеарна. Ал тәуелсіздік алған жылдардан бастап арналар саны көбейді. Қазіргі уақытта телеақпарат кеңістігінде 40-тан астам  республикалық  және аймақтық арналар бар.

    Мен ұлттық арнаны көре бастағаннан бері Нартай Аралбайұлы, Гүлназ Әлімгерей, Әйгерім Есенәлі, Берік көшербекұлы, Ғалымжан Кеңшілік секілді журналистерді үлгі тұтамын. Келешекте «Қазақстан» ұлттық арнасында өзім көріп, үлгі алып жүрген журналистермен бірге қызмет еткім келеді. өзімді ұлттық арнаның тікелей эфиріндегі ақпараттық бағдарламаның жүргізушісі ретінде елестетемін. Мен үшін арнайы түсіріліп қойған эфирге қарағанда, тікелей эфирдің жұмыс барысы қызық.

    Эфирге монтаждалып шығатын бағдарламалар бірнеше дубль арқылы түсіріледі. Қателіктер болса да түзетіп жіберу мүмкіндігі бар. Ал тікелей эфирдің жұмысы күрделі. Тікелей эфир қаз-қалпында шынайы өтеді.

   «Қазақстан» ұлттық арнасы — қазақ отандық телеақпарат кеңістігіндегі тарихи-ұлттық, мемлекеттік көшбасшы арна. Біздің ұлттық арна болашақта әлемдік аренаға шықса екен деп армандаймын және соған бар күш-жігеріммен, ынта-ықыласыммен үлесімді қосуға тырысамын.

Дүйсен Қарақат

Алматы қаласындағы №58 мектептің 11-сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Әбдіжәділқызы Жидегүл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті