Қазақстан мен Германия арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық нығаяды

24 сәуірде Maqsut Narikbayev University-де Германия университеттерінің басшылары мен өкілдер делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Делегация қатарында Нордхаузен университетінің президенті, профессор, доктор Йорг Вагнер, Мемлекеттік хатшының жеке референті Марейке Дитрих, Эрфурт қолданбалы ғылымдар университетінің Халықаралық кеңсесі Ясна Беккер, Йенадағы FSU халықаралық бюросының жетекшісі, доктор Клаудия Хиллингер, Шмалькальден университетінің президенті, профессор, доктор Гундольф Байер, Ильменау техникалық университетінің Оқу және оқыту жөніндегі вице-президенті, профессор, доктор Аня Гейгенмюллер, Биопроцесс және аналитикалық өлшеу технологиялары институтының директоры, профессор, доктор Дорис Хайнрих, Йена технологиялық және инновациялық парктің басқарушы директоры Рандольф Маргулл.
Сондай-ақ кездесуге Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Ховсеп Восканян, Регенсбург Шығыс құқық институтының басқарушы директоры, профессор, доктор Герберт Кюппер және баспасөз хатшысы Стефан Краусс қатысты.

Кездесу барысында Maqsut Narikbayev University Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, профессор Роман Мельник, DAAD — неміс құқығының оқытушысы Михаэль Вилдинг неміс әріптестер мен профессорларымен және Германияның басқа университеттерімен ынтымақтастықта оң тәжірибесі туралы айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы одан әрі ынтымақтастық, сондай-ақ тәжірибе алмасу жоспары талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Maqsut Narikbayev University мен Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.