«Қазақтар ғана емес». Әнші Индира Расылхан хиджабқа қатысты пікірін айтты

Индира Расылхан
Фото: іnstagram.com/indirarasylkhan

Әнші Индира Расылхан Instagram желісінде хиджабқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі желідегі парақшасында бұрындары тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері де жабық киініп, оранғанын алға тартты. Әнші өз сөзіне дәлел ретінде түрлі фотосуреттерді де жариялады.

«Неше түрлі пікір оқып жүрмін, оқи беремін де. Біздің әжелеріміз жабынған деп көп айтасыздар ғой, тек біздің қазақ әйелдеріміз емес, басқа ұлт өкілдерінің әйелдері де осылай жабынған», — деді ол.

Желі оқырмандары әншінің бұл пікіріне түрлі ой білдірді.