Роман Скляр Екібастұзда жылыту маусымына дайындықты тексерді

Роман Скляр
Фото: видеодан кадр

Бірінші вице-министр Роман Склярға Екібастұзға жұмыс сапары барысында жылыту маусымына дайындық туралы баяндалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Ол Энергетиктер көшесіндегі келесі жылға жоспарланған ТМ-7 қайта құру жобасын қолдауға уәде берді.

Сондай-ақ, Роман Скляр Екібастұз ЖЭО жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, «Богатырь» разрезінде циклдік-ағынды технологияның енгізілуімен танысты, ГРЭС-1 барып, Екібастұздың жаңа құрылыстарының бірін аралап көрді.