Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша қабылданған заңның ерекше маңызын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша қабылданған заңның маңыздылығын атап өтті.

Бұл туралы Президент Ақордада өтіп жатқан БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты.

«Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енді. Бұл – өте қажетті заңнама. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын. Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс.

Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше», – деп түсіндірді Мемлекет басшысы.