Қонаев қаласында атыс болып, бір жас жігіт қаза тапты

атыс
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде түнде Алматы облысы Қонаев қаласында жас жігіттер арасында атыс болып, 21 жастағы адамның қаза тапқаны жазылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қаза тапқандар туралы ақпарат бермесе де фактіні растады.

«Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыс жасады деген күдікті адамдарды ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр. Тергеу жалғасады және облыстық департамент басшылығының жеке бақылауында», — деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейбір деректерге сүйенсек, қазір осы қылмысты жасады деген күдікпен 1995 жылғы және 1997 жылғы екі адам іздеуге алынған.