Түркістанда журналист наркодиллерді ұстап алды

Қоғамда есірткіні жасырып кетушілер басқа өңірлер сияқты Түркістанда да көбейген. Бір күн полицей формасын киіп, түсірілімге шыққан журналист Шынар Әділханқызы наркодиллердің бірін өз қолымен ұстап алған, деп хабарлайды ozgeris.info

Түркістан  телеарнасында жұмыс істейтін журналист полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шыққан. Тапа-тал түсте «есірткі клиенттері» үшін керегін жасырып жүрген 2000 мыңыншы жылғы азамат ұсталған.

Есірткіні таратушылар – үлкен тізбектің бір ғана тармағы. Жедел уәкілдер таңның атысынан күннің батысына дейін оларды іздейді. Қарапайым тұрғын ретінде ел ішіне кіріп, сезік туғызған адамдардың ортасында жүреді.

Биыл бес айдың өзінде 336 азамат есірткінің шырмауына түскен. Бір өкініштісі ессіз затқа құмар адамдардың көбі – жастар. Экстразин, метафитамин – жастар арасында кең тараған психотроптың заттардың түрі.