Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау кезінде дельтаплан апатқа ұшырады. Дельтаплан ұшқышы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

«Дельтапараны «SAMGAU AGRO» ЖШС басқарды. Осы оқиғаның негізінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиация апаты мен оқыс оқиғаларды тексеру үшін комиссия құрып жатыр», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеше, 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында Ан-2 ұшағы ұшу кезінде қатты қонды. Ұшақ қа «SAMGAU AGRO» ЖШС-не тиесілі.

Авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес бұл авиациялық оқиға авиациялық оқиғаға жатқызылады және уәкілетті органның тексеруіне жатады, деп атап өтті ОАК.