Зейнет жасын төмендетуге қатысты петиция — Еңбек министрі не дейді

Еңбек министрі Мәжіліс кулуарында петиция қажетті дауысты жинаса, халықтың пікірін тыңдап, мәселені қарайтын жұмыс тобының құрылатынын айтты.

Стратегиялық есептерді жүргізіп қойдық. Сондықтан қазіргі уақытта шешім қабылданса, петиция керек дауысты жинаса, халықтың алдына шығып, пікірлесіп, жұмыс тобын құрып шешім қабылданады. Қазір біз басқа шараларды қарап отырмыз. Негізі зейнет жасына тиіспей-ақ, зейнетке ерте шығу құқығы, зейнетке тиісті жасынан кеш шығу құқығы деген іс-шараларды қарастырып отырмыз, — деп жауап берді министр.

Еске салсақ, қазір epetition порталында әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін, ал ерлердікін 58 жасқа дейін төмендетуді талап еткен петиция жарияланған. Қазақстандықтар белсенді түрде қол қойып жатыр.