Қажылық кезінде көз жұмғандар саны 1000-нан асты

Меккеге қажылық кезінде аптап ыстықтан мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы Agence France-Presse басылымы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info

Шетелдік БАҚ Египеттің 658, Үндістанның 68, Иорданияның 60, Пәкістанның 35, Тунистің 35 азаматы қаза тапқанын мәлімеді. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елден барған қажылардың дін аман екенін жеткізді.

Қазіргі таңда 3 мыңнан астам адам ауруханада жатыр.

Айта кетейік, Мекке қаласында сынап бағанасы 50 градустан асады. Сауд Арабиясының ресми өкілдері таратқан дерекке сүйенсек, елге әлемнің 22 мемлекетінен 1,5 миллионнан астам қажы келген.