«Еш нәтиже болмады»: Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жатқызылды

Осыған дейін күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген өнер иесі еш нәтиже болмағанын айтты.

“Кеші мені жоғалтып алдыңыздар ма?! Ем жалғасып жатыр. Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз. Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым», – деді актриса.

Киножұлдыз алаңдап жатқан ағайынға алғыс айтып, жағдайының бірқалыпты екенін жеткізді.

“Қазір аллергияға қарсы екпе салып, КТ-ға алып кетеді. Ауруханаға жататынымды білген соң үлкен әпкем келді. Балаларымды тастайтын адам болмады. Анам үйде жоқ. Сондықтан сенімді адам керек болды. Ал ол – менің туған бауырым. Аман-есен ауруханадан шыққан соң таныстырамын. Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты. Бірқалыпты деген себебім, ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады», – деп палатасын көрсетті продюсер.