“Жылап алатыным бар”: Ерке Есмахан өмірдегі өкінішін жеткізді

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап жазба жариялады.

«2020 жылғы індеттен 82 жасында әкем өмірден өтті. Алла рахымына алсын. Жаны жәннаттық болсын. Асқар тау әкешім. Әкем мен анам Муслимді тәрбиелеп өсірді. Аллаға шүкір. Райм әкеммен бірнеше рет жүздесіп, дастархандас болған еді. Отбасы құрғанымызды көргенде ғой, Исламокты бір иіскегенде ғой деп іштей ойлап, жылап алатыным бар. Өмір-ай. Әкем өмірден өткен соң анама оңай болған жоқ. Төзімді, жаны жұмсақ анашым. Алла ұзақ ғұмыр берсін», — деп жазды әнші.