“Қазақтар-эгоист”. Танымал тележүргізуші қазақтардың мәдениетсіздігін сынап тастады

Тележүргізуші Данияр Есен әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтардың мәдениетіне қатысты сын айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info. Оның айтуынша, қазақтар бір-бірінің уақытын сыйламайды.

«Қазақ қоғамы — эгоист. Бір-біріне жаны ашымайды. Тек өзіме тиімді болса екен дейді. Біреудің уақытын сыйлау деген атымен жоқ. Қарапайым ғана мысалдар. Автокөлігін кез-келген жерге қойып кете салады. «Басқа машинаға бөгет жасаймын ба, жасамаймын ба?» деп басын ауыртпайды. Өзіне ыңғайлы болса, болды. Қояды да кетеді. Дөңгелегін теуіп, шырқырап екінші машинаның иесі қалады.“

Желі қолданушылары да авторды қолдап, «машинасын алдыға қойып кететіндерге бір шара ойлап тапса ғой деп ойлаймын, ел күтіп қалады деген ой мүлде жоқ қой», «Даниярдың айтып жатқаны ешқандай ұсақ-түйек нәрсе емес, біреудің уақытын алу дамыған елдерде мәдениетсіздік болып саналады», «қосылам, тура солай», «мәдениет, білім министрлігі жұмыс істеу керек», «бір-бірімізді менсінбейміз ғой, өзгеге емес, өзімізге көрсетеміз сондай «мінездерімізді» деп жазды.