Экс-әкім Даниал Ахметовтың резиденциясы сатылатын болды

резиденция
Фото: "ОБОЖАЮ" ютуб-арнасы

Журналист Асхат Ниязов «ОБОЖАЮ» ютуб-арнасында ШҚО-ның бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың бұрын тұрған үйін көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Журналист зәулім үйдің ішіне кіріп, 15-ке жуық бөлмені, сауна, бассейн, бильярд ойнайтын жер және вертолет ұшатын алаңдарды көрсетті. Ол осыдан 1 жыл бұрын бұл ғимаратқа кіре алмай кеткен еді.

«Антикор қайда қарап отыр?», «Бұл Назарбаевтың резиденциясы», «Екі этаж үшін лифт жасап қойыпты», «ТЭЦ пен Ертіске жұмсалуы керек ақшаның бәрі осында екен ғой», «Халықтың ақшасына шалқып өмір сүріпті», – деп жазды желі қолданушылары виедоның астына.

Анықталғандай, қазір бұл резиденцияда ешкім тұрмайды. Өңірдің жаңа басшылығы оны сатылымға шығарған.