Ақтауда жас жігіт суға батып кетті

Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 км жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған У.есімді азамат суға батып кетті, — деп хабарлайды ozgeris.info

Суға батқан ер адамды іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған.

Сондай өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған.

Және ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған.

Іздеу жұмыстары барысында У.есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.