Алматыда Мұрат Әуезовты ақтық сапарға шығарып салды

14 маусым күні 82 жасында қайтыс болған қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезовтың қонақ асы мен ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткізілетін жер аталды, деп хабарлайды ozgeris.info

Қайраткердің жаназасы 16 маусым күні М.Әуезов атындағы ұлттық драма театрында, сағат 9:00-де шығарылатынын хабарлады Әуезов әулеті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 14 маусым күні Мұрат Әуезовтың дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз. Қайраткердің қазасына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев көңіл айтты.