Суицид жасаған 27 жастағы блогер, соңғы хатында өз себебін жасып кеткен

Алматыда жаңадан танылып кележатқан Айлуна Рахым есімді 27 жастағы блогер қыз өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Оның денесі 11-ші  маусым күні табылған.

Құрбылары НЕмолчи.kz  қорына бүгін ғана хат жазып, қызды шарасыз күйге түсіріп, суицид жасауға итермелеген адамның барын айтқан.

«Алмасқан хаттардың скрині мен видеолар бар. Ол жерде жеке қарым-қатынастағы  ұрыс-жанжалдар»,-делінген қор берген мәліметте.

Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол тұрмыста болған. Жақында ғана ажырасқаны жайлы желіде жазып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны екенін де ашық көрсеткен. Онда денесі үтікпен күйдірілген, көгерген, терісі сырылған.

Ол соңғы кездері өзінің Инстаграм парақшасын блогер ретінде жақсы жүргізіп бастаған еді. Бұған дейін СММ маманы болып бірнеше жерде жұмыс істеген.