Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсіп қалды

Жұлдыз Әбдукәрімова
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсіп қалды. Бұл жайлы актриса өзінің инстаграм-парақшасында айтты.

Жұлдыз Әбдукәрімова екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханаға жатқызылғанын айтты.

«Сәлем, достар! Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсемін. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет», — деді ол.

Ол карантин кезінде уақытылы ем қабылдамағанын жеткізді

«2016 жылдан бері бас бойынша ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақилыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына немқұрайлық танытыппын», — деді Жұлдыз Әбдукәрімова.