Алматыда 20 жастағы жігіт полиция қызметкеріне күш көрсетті

Алматы облысында тәртіп сақшысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды.

«12 шілдеде әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол таңбалау ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында 20 жастағы жолаушы полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалд. Болған оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.