Өскеменде мас күйінде көлік айдаған әйел қатаң жазаланды

zzz
zzz

Өскеменнің No2 сотында мас күйінде көлікті құжатсыз басқарды деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, — деп хабарлайды ozgeris.info Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әйел мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда 3 айдан кейін ол тағы да мас күйінде рөлге отырды.

Сотталушы өз кінәсін мойындады.

«Сот сотталушының көлікті мас күйінде жүргізуші куәлігінен айырып, жол қозғалысына басқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бірнеше рет басқарғанын ескерді. Әйел 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Кінәсін мойындау және асырауында екі жас баланың болуы ескеріліп, жазаны орындау 3 жылға кейінге шегерілді. Үкім заңды күшіне енді.