Екі қазақстандық чат рулеткасында айтқан сөздері үшін әрқайсысы 5 жыл бас бостандығынан айырылды

844852544

Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны желіде ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдары мен пікірлері үшін сотталды, — деп хабарлайды ozgeris.info облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгілі болғандай, аталған тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат рулетка) пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан шығару мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы ойлары мен сенімдерін білдірген. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, олар аумақты күшпен басып алуды жақтады.

Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінді. Мемлекеттік айыптаушы соттан олардың әрқайсысын 5 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Фотосурет Tengrinews парақшасынан алынды.