Атырау Өзбекстан азаматының көлігі жанып кетті

жанып кеткен көлік
ФОТО: ТЖМ

Атырау облысында шетелдіктің көлігі жанып кетті.

Өзбекстан азаматтары мінген көлік өртеніп, азаматтардың өміріне қауіп төнген. Оқиға 8 маусым күні болған.

«Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.