Үшеуі біреуге қарсы: Жамбыл облысында шенеуніктер жергілікті кәсіпкерлерден шаруашылық алқабын тартып алмақшы

егін
Фото: Almaty.tv

Жамбыл облысы Меркі ауданында Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты компания кәсіпкерлерден егін шаруашылығына пайданаланып отырған жерін тартып алмақшы. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм-арнасы жазды.

Қысқша оқиға жайлы

Меркі ауданында «ЖЕМІС-ЖИДЕК» ЖШС егін шаруашылығын жүргізу үшін 230 га жерді жалға алады. Оған дейін ол жер Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты еншілес компания «Опытное хозяйство «Меркенский» ЖШС-ның иелігінде болған. Жер игерілмей, қараусыз қалған бақ пен қураған алқаптар тұрған.

2022 жылы «ЖЕМІС-ЖИДЕК» ЖШС-ның иелері ауысып, ақша тауып, құлпынай егумен айналыса бастаған. Алдымен 10 га бір алқапта, одан кейін екінші алқап қосылған. Бастапқы уақытта қиын болғанмен, қазір шаруашылық өсімдіктерді өңдеу мен егін жинау үшін жүзден астам жергілікті тұрғындарды тұрақты түрде жұмысқа тартуда.

Жоба шетелде де қызығушылық тудырып, шетелдік компаниялар өсірілген өнімді өңдеу үшін ақша мен технология салуға дайын екенін жеткізген.

Алайда 2023 жылдан бастап компания иелерін сотқа шақыртып бастаған.

Аудан әкімдігіне «Опытное хозяйство «Меркенский» ЖШС-дан арыз түскен.

Серіктестіктің жаңа басшылығының айтуынша, сонау 2007 жылы әкім жер телімдерін тәртіпті бұза отырып берген, сондықтан одан әрі жер телімдерін «ЖЕМІС-ЖИДЕК» ЖШС-ға беруді тоқтату керек-мыс.

Енді, міне, 16 жылдан кейін серіктестіктің жаңа қожайындары екі алқапты ретке келтіріп, табыс таба бастағанда, шенеуніктер жерді қайтарып алу керек деп шешім қабылдамақ.

Жамбыл облысының ауданаралық әкімшілік соты талап арыздарды қарап, соншама жыл өтіп кеткеннен кейін, талап қоюдың ескіру мерзімін қалпына келтіруден бас тартқан.

Облыстық сот та шешімді қайта қарауға негіз жоқ екені айтылған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы вице-министрінің тапсырмасымен жер телімдері берілді, барлығы заң аясында деген.

Қазір материалдар Жоғарғы Сотта қаралуда.

Содан кейін іске Меркі ауданының әкімдігі кірісіп, алдымен экономикалық, содан кейін әкімшілік соттарға арыз түскен. Бірақ сот оларды қайтарған.

Ал енді ең қызығы.

Kozachkov offside телеграм-арнасының жазуынша, Осы істердің аяқталуын күтпестен Меркі ауданының прокуроры іске кірісіп, сотқа өзң шағым берген. Бірақ іс жүзінде тура алдыңғы негіздер бойынша – онда 2007 жылы жерді беру кезінде заңбұзушылықтар анықталғанын айтылады.

Қазір аудан прокуроры Елдос Әмірхан «Меркі» әкімдігі мен «ЖЕМІС-ЖИДЕК» ЖШС-нің үстінен сотқа шағым түсіріп, заңбұзушылықтар туралы тек 2023 жылы тексеруден кейін білгенін өз арызында көрсетіп отыр. Яғни, талап қою мерзімі бұзылмаған.

Меркі аудандық сотында талап арыз прокурорға қайтарылғанымен, Жамбыл облыстық сотында аудандық соттың ұйғарымының күші жойылып, іс бірінші инстанцияда жаңадан сот талқылауына жіберілген.

Бұл шешімді өзгерту ықтималдығы жоғары екен деген сөз. Барлық мән-жайлар қайта қаралады.

«Ал енді Жамбыл облысының шенеуніктері мен прокурорларының не істеп жатқанын түсінгіміз келеді: олар заң бұзушылықтарды жоюға тырысып жатыр ма, әлде жұмыс істеп тұрған бизнеске көзі түскен үшінші тұлғалардың мүддесін көздеп отыр ма? Өйткені, егіс алқаптары жекеменшіктен алынса, сол әкімдік арқылы оны басқа біреу ала алады Осындай жағдайда ауыл шаруашылығын дамытудың мәні бар ма?», – деп жазды Kozachkov offside телеграм-арнасы.